Халықаралық мойындау
26 наурыз 2026

KazGASA QS Stars рейтингінде 4 жұлдызға ие болды

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) білім беру сапасы мен басқару тиімділігінің жоғары деңгейін растайтын маңызды нәтижеге қол жеткізді: университет QS Stars халықаралық рейтингінде 4 жұлдызға ие болды.

QS Stars — жоғары оқу орындарын бағалаудың беделді жүйелерінің бірі. Ол университеттердің қызметін түрлі бағыттар бойынша жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. 4 жұлдыздың берілуі Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) білім беру, академиялық және басқару қызметінің жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.

Бұл жетістіктің маңызын Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) университет сапасы мен заманауи даму деңгейін айқындайтын негізгі бағыттар бойынша ең жоғары 5 жұлдызға ие болуы арттыра түседі. Олардың қатарында академиялық даму, түлектерді жұмысқа орналастыру, инженерия (азаматтық және құрылыс бағыты), тиімді басқару, сондай-ақ әртүрлілік, теңдік, инклюзия және әлеуметтік ықпал секілді маңызды көрсеткіштер бар.

Қол жеткізілген нәтиже — университеттің білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға, академиялық ортаны дамытуға және институционалдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жүйелі әрі дәйекті жұмысының қорытындысы.

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) халықаралық білім беру кеңістігіндегі өз орнын нығайтуды жалғастырып, жаһандық қатысу аясын кеңейтуде және стратегиялық ынтымақтастық бағыттарын дамытуда.

← Барлық жаңалықтарға оралу

Тағы оқыңыз