Академиялық бедел
27 наурыз 2026

KazGASA Академиялық адалдық лигасына қосылды

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) Академиялық адалдық лигасының мүшесі атанып, ашықтықтың, сапа мен академиялық мәдениеттің жоғары деңгейін растады.

Академиялық адалдық лигасының стандарттарына сәйкес жүргізілген тәуелсіз мониторинг қорытындысы бойынша университет талаптарға сәйкестігін сәтті дәлелдеп, Developing Gate Member мәртебесіне ие болды. Даму деңгейлері бойынша көрсеткіштері: Developing — 20, Transforming — 14, Emerging — 4 және Starting — 1.

Академиялық адалдық лигасына қабылдану — ХБК-ның (KazGASA) білім беру және ғылыми қызметтегі ашықтық, айқындық пен адалдық қағидаттарына бейілділігінің маңызды мойындалуы. Бұл университеттің сенімге, жауапкершілікке және академиялық әдептің халықаралық стандарттарын сақтауға негізделген жүйе қалыптастырып жатқанын дәлелдейді.

Лига мүшесі мәртебесі кәсіби қоғамдастыққа қатысуға, үздік тәжірибелермен алмасуға, ішкі үдерістерді күшейтуге және академиялық адалдықты қамтамасыз етудің озық тәсілдерін енгізуге мүмкіндік беріп, одан әрі даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

ХБК (KazGASA) сапа, ашықтық пен сенім негізгі құндылықтарға айналған білім беру ортасын дәйекті түрде қалыптастырып келеді.

← Барлық жаңалықтарға оралу

Тағы оқыңыз